Перейти к основному содержанию


300 просмотров

Бұрынғы мұғалім шалғай ауданда қалай бизнес-орталық ашты?

Жуалы ауданының еңбекке қабілетті тұрғындарының үштен бір бөлігі кәсіпкерлікпен айналысады

Фото: Shutterstock

Жамбыл облысы, Жуалы ауданының еңбекке жарамды тұғындарының үштен бір бөлігі орта және шағын бизнес саласында еңбек етеді. Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруден бөлек, тұрмыстық қызмет көрсету саласы да дами бастаған. 

Ауылдағы жаңа леп 

Қазіргі кезде Жуалы ауданында 51 мыңға жуық адам тұрады, соның 30 мыңнан астамы – еңбекке жарамды жастағы тұрғындар. Соның 9 мыңы шағын кәсіппен айналысады. Жуалы тұрғындарының 15 мыңы жеке үй-жай шаруалығының арқасында күнелтсе, біршамасы әлеуметтік жәрдемақы алады. 

Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынының басшысы Талғат Әміралиевтің айтуынша, кәсіппен айналысқысы келгендер тек ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен шектеліп жатқан жоқ. Тұрғындар  ауылда азық-түлік дүкені ғана емес, сұлулық салоны, тігін үйі болғанын қалайды. 

«Кейінгі кезде ауданымызда бірнеше заманауи салон ашылды. Енді қыз-келіншектерге шаш сәндеу пен қол күтімі үшін Таразға барудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, жақында өз-өзіне қызмет көрсететін автожуу бекеті ашылды. «Нұрай-Плаза» атты бизнес-орталығымыз бар. Ауданда қоғамдық тамақтану желісінің жақсы дамығанын айтпай-ақ қойсақ та болар.  Егер бұрын бұндай нысандар халыққа қызмет көрсету үшін ғана ашылса, қазір олардың арасында қарқынды бәсеке бар», – дейді мекеме басшы.

Аудандық кәсіпкерлік және өндіріс басқармасының бас маманы Шыңғыс Боранбаевтың айтуынша, бұл бағыттағы сәтті кәсіп үлгісі – Қаламқас Әлиеваның сұлулық студиясы.
  
Өз кәсібін қолға алмас бұрын Қаламқас Әлиева алдымен маникюр, педикюр жасауды үйреніп, макияж жасаудың шебері болған кезде ғана, аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығына келген. 

«Өз сұлулық салонымды ашу туралы шешімге тез келгеніммен, арманды шындыққа айналдыру, идеяны жүзеге асыру оңай болған жоқ. 1,5 миллион теңге көлемінде несие алып, қажетті ғимаратты жалдап, мамандарды өзім үйреттім. Қазіргі кезде менде 8 адам жұмыс істейді. Клиенттеріміздің де қарасы қалың. Дегенмен, қырғын ақша тауып жатырмын деп айта алмаймын. Өйткені қаржының көп бөлігі несиені жабу мен залды жалдауға кетеді. Десе де, ісіміз ақырындап алға басып келеді. Енді Тараз қаласында салон ашу ойда бар», – дейді Қаламқас Әлиева.

Бұрынғы мұғалім, қазіргі кәсіпкер Нүрила Мәлібекова ашқан «Нұрай-Плаза» бизнес-орталығы  да – сәтті жүзеге асқан жобалардың қатарында. 

«Быткомбинат» ғимаратының базасында бизнес-орталық ашу жайлы бұрыннан ойлап жүрген едім. Алайда оны өткен жылдың ортасында ғана жүзеге асырудың сәті түсті. Бұл іске несие алған жоқпын, тек өзімнің жеке қаражатымды жұмсадым. Ғимаратты бұрынғы иесінен 17 миллион теңгеге сатып алып, тура осындай қаржыны қайта жөндеуге жұмсадым», – дейді кәсіпкер. 

Бұл істің нәтижесін бүгінде Жуалының бар тұрғыны көріп отыр: бизнес-орталықта мектептен тыс білім беру орталығы, кафе, және бірнеше сауда нүктелері орналасқан. 

Ал Б.Момышұлы атындағы ауылда өз-өзіне қызмет ететін автожуу бекеті жұмыс істейді. Шыңғыс Боранбаевтың айтуынша, жергілікті кәсіпкер Рабиға Жолдасова автожуу бекетінің құрылысы мен керекті құрал-жабдыққа 10 миллион теңге өз қаржысын жұмсаған. Бұл жерде күніне 40 автокөлікке қызмет көрсетіледі, көлікті бір жуу құны – 250 теңге. 
Маманның айтуынша, туған жерінде жақсы кәсіп аша алатын адамдар жеткілікті. 

«Алайда олар қаржыларын жылжымайтын мүлікке немесе Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы өндіріске салғанды жөн көреді. Кейінгі кезде Жуалыдан шыққан бір азамат бұрынғы мұнай базасын қалпына келтіруге көмектесті. Бұдан басқа мысал есте жоқ», – деп айтып өтті Шыңғыс Боранбаев. 

Қаржыны қайдан алады?

Дегенмен, өз қаржысына кәсіп бастап кететіндердің қатары аз. Ал кәсіп бастағысы келгендердің бәрінің несиеге қолы жете бермейді. 

«Ауыл тұрғындары бізге бизнес-идеяларын көтеріп жиі келеді, – дейді Талғат Әміралиев. –Біз олардың құжаттарын реттеп, екінші деңгейлі банктерге жібереміз. Алайда кәсіпкерлердің көпшілігінің ісі осы кезеңнен аса алмай қалады, өйткені кепілге қоятын дүниесін банктер жақтырмайды немесе идеяның өзі  көңілдерінен  шықпай жатады».

Бөлім басшысының айтуынша, ауданда кәсіпкерлерге несие беретін 4 микронесие ұйымы бар. Олар 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында жалпы сомасы 910,3 млн теңге несие берсе, бұл қызметті 1,8 мың тұрғын пайдаланған.


383 просмотра

Халық өсімінен қалай пайда табуға болады?

Ақсулық кәсіпкердің ісі

Фото: Shutterstock

Ата-анасы сәбиіне ең жақсысын таңдайтыны анық. Бұл өз кезегінде жеңіл өнеркәсіпті, жеке кәсіпкерлік деңгейінде болсын, дамытуға мүмкіндік береді.

Кәсібің – нәсібің

Ақсулық жас кәсіпкер Дарья Ларичева жақында жергілікті әкімдіктің көмегімен қол жеткізген тұрғын-жайды жөндеу жұмысын бітіріп, жаңа туған нәрестелерге арналған киім-кешек тігу ісін жолға қоймақ.

Жас келіншек жеке кәсібін қолынан жақсы келетін шаруадан бастаған. Колледжде тігін ісін игеріп, түрлі ательеде біраз тәжірибе жинақтаған. Енді өзі тігіншілікті мықтап қолға алмақ. Ең маңыздысы – ниша табу болса, Дарьяны өмірдің өзі осы жолға алып келген. 

Бәрі баласына арнап көрпе-жастық тігуден басталды. Жаңа дүние таныс қыз-келіншектерге ұнап, олар да нәрестеге арналған көрпе-жастық тігіп беруін өтінеді. Осылайша алғашқы тапсырыстар түсе бастайды. Жас аналар риза болып, олармен тез тіл табысып кетті. 

Инвестиция қайдан? 

Дарья жеке кәсіп бастау үшін ең алдымен тігін машинасы және біраз мата керек екенін түсінді. Осы мақсатта 500 мың теңге несие алған. Балалар киіміне сапалы, табиғи мата ғана жарайтындықтан, осы талаптарға сай келетін мата сататын дүкенді де тапқан. Қазіргі кезде жас кәсіпкерге мата мен қажетті материалдарды делдалдан алуға тура келіп тұр, десе де ісі біраз алға басқан соң қажетті шикізатты көтерме бағамен сатып алмақ. 

Шеберхана орналасатын орын іздеу екінші қадам болды. Жергілікті биліктің көмегі арқасында жалға алатын арзан бөлме де табылды. Нәтижесінде бұл жерге құрал-жабдығын көшіріп, өз шеберханасын ашып, киім-кешек жөндеумен айналыса бастады. Бәрін өз талғамымен безендіреді. Өзі тігетін киім-кешектің бренд атауын да ойлап қойған, жас кәсіпкер оны алдағы уақытта тіркетпек.
 
«Киім-кешекті үлкен партиямен шығаруға қол жекізген кезде атауын тіркетсем деген ойдамын. Ол үшін ең алдымен ұжым жинап алуым керек. Бұл оңай шешілетін шаруа болмай тұр», – Дарья Ларичева.

Бәрін шешетін – кадр 

Колледжде оқып жүргенде Павлодардағы сәнді киім тігетін кәсіпорында тәжірибеден өткен еді. Оған бас киім тігетін шебер жетекшілік етті. Бұндай киім тігу оның қызығушылығын тудырмады. Есесіне өндірісте жақсы тәжірибе жинақтап, ұжымда қарым-қатынас орнатуды үйренген. Бұл – бизнесте өте қажет қасиет.
 
«Жұмысқа көмекші алайын деп едім, маман тапшылығымен бетпе-бет келдім. Бұл жерде тігін ісін қаншалықты жақсы меңгергенің маңызды емес, ең бастысы – жұмысқа деген көзқарасың. Өзім жалдамалы жұмыста жүргенде, не болса да, өзіңді қалай сезінсең де, тапсырманы орындау қажеттігін түсінетінмін. Осындай өзіңмен рухтас адам табу қиын екен», – дейді кәсіпкер. 

Енді көмекшіні өзі оқыған колледж түлектерінің арасынан іздеп көруді жоспарлап отыр. 

Істің мәні 

Киім тігу – өте ұзақ және бейнетті жұмыс. Бәрі идеядан бастау алады. Ал маркетингтік зерттеуді Дарья өзі жүргізеді екен: нарықты зерттеп, тапсырыс берушілермен байланыс орнатады. 

«Әрине, қандай да бір жаңалықты интернеттен қарап табуға болады, бірақ үлгіні міндетті түрде өз ойыңнан толықтырасың», – дейді Дарья Ларичева. 

Жас кәсіпкердің айтуынша, бұйым тұтынушыға қолжетімді болуы үшін, шикізатты алар кезде баға мен сапаның теңгерімін сақтаған маңызды. 

«Әзірге бұйымдарды аздан тігіп жатырмын. Алдағы уақытта өзге қалалардан «оптовик» тауып, тіккен киімдерімді Ақсуда сататын бағамен өткізсем деген ой бар»,– дейді кәсіпкер.   

Айта кету керек, оның бұйымдары аймаққа шеттен әкелінетін тауарлардан біршама арзан. Жас кәсіпкердің айтуынша, қазір ол үшін ең маңыздысы – нарықта орнығу. Тігінші тігетін киімдер мен бұйымдар 0-3 жастағы сәбилерге арналған.

Балаларға арналған көрпе-төсек жабдығы, кермеше, қолдан тігілген және ортопедиялық жастық тігеді. Одан бөлек, жаңа туған нәрестелердің жейде, көйлек, боди, башмақай және т.б. бар.
 
Дарья Ларичева алдағы уақытта жасөспірімдерге арналған көрпе-жастық жабдығын тіккісі келеді. Әзірге ателье қожайыны жеке франшиза туралы армандап жүр.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Депозиты в какой валюте вы предпочитаете?

Варианты

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций